БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ
Астана қаласы әкімдігінің №63 «Әсем-Ай» балабақшасы МКҚК Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес бос лауазымдарға конкурс жариялайды:
№ | Қызметтің атауы | Қызметтік еңбекақы | Қызмет түрі |
1 | Тәрбиеші | 120 000-150 000 теңгеге дейін (Еңбек өтілі мен санатына байланысты) | 1 (бос лауазымға) |
2 | Тәрбиеші көмекшісі | 100 000-120 000 теңгеге дейін (Еңбек өтілі мен санатына байланысты) | 5 (бос лауазымға) |
3 | Музыка жетекшісі | 150 000-170 000 теңгеге дейін (Еңбек өтілі мен санатына байланысты) | 1 (бос лауазымға) |
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурс өткізу туралы Астана қаласы әкімдігінің №63 «Әсем-Ай» балабақшасы МКҚК ресми Интернет–ресустарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.
Осы №57 бұйрықта көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау: 05.09.2025 — 19.09.2025 (19 қыркүйекті қосып алғанда);
Мекенжай: Астана қаласы, Жубан Ана көшесі 10
Уақыты: 10:00-17:00 (түскі үзіліс 13:00-14:00);
Телефон: +7 (7172) 40‒20‒94
Email: info@asemai63.edu.kz, asemai63bb@gmail.com
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш – осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып.
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін).
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса).
- Білімі туралы құжаттардың көшірмелері – Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес.
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).
- Денсаулық жағдайы туралы анықтама – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша.
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
- Наркологиялық ұйымнан анықтама.
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
- Бағалау парағы – 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Маңызды: Құжаттардың біреуінің болмауы үміткерге құжаттарды қайтаруға негіз болып табылады.