№63 "Әсем-Ай" балабақшасы

Ұйымдастырылған іс-әрекеттердегі эксперименттік алаң жұмысын зерделеу анықтамасы.

    Астана қаласының білім беру ұйымдарында оқу сапасын жақсарту мен оқу үрдісіне жаңа білім мазмұнын енгізу және 2023 жылғы 9 маусымдағы қалалық сараптамалық кеңестің №1 хаттамасы және 2023 жылғы 27 тамыздағы қалалық сараптамалық кеңестің №2 хаттамасы негізінде балабақшамызда 2024-2027 жылдар аралығында   Мен бәрін білгім келеді  шағын зертханаларда мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық-зерттеу құзыреттілігін дамыту тақырыбы бойынша эксперименттік алаң ашылды. Эксперименттік алаң жұмысы эксперименттік топтар мен бақылаушы топтар арасында жүргізілді. Шығармашылық топ педагогтері балалардың танымдық-зерттеу құзіреттілігін дамыту жұмысын жүргізді.

“Гауһар” эксперименттік тобында “Күн, су, ауа” атты зерттеу жұмысын тәрбиеші Ашикова Т.К. өткізді.

Мақсаты: күн, су, ауаның тіршіліктегі маңызы мен құндылығын, адамға пайдасы туралы білім беру. Тәжірибе арқылы талдау, сөздік қорын дамыту. Табиғатты қорғауға, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

“Лағыл”  эксперименттік тобында “Буланған су” атты зерттеу жұмысын тәрбиеші Серикбаева Н.А. жүргізді.

Мақсаты: Балалармен суды зерттеу. Түсін өзгертіп,жаңарту шығару

“Зүмрет”  бақылаушы тобында “Пластмасса, Пластикалық сұйықтық” атты зерттеу жұмысын педагог психолог Уатаева А.К., тәрбиеші Утарова А.А., қазақ тілі педагогі Кизатова З.А. бірлесіп жүргізді.  

Мақсаты: пластмасса және пластикалық сұйықтықтың сапасы мен қасиетін зерттеу және бұйым жасау.

“Лағыл”  эксперименттік тобында “Ауа шар” атты зерттеу жұмысын тәрбиеші Серикбаева Н.А. жүргізді.

Мақсаты: Балалармен ауаны  зерттеу, танымдық дағдыларын дамыту

“Зертас”  бақылаушы тобында “Сиқырлы түстер” атты зерттеу жұмысын тәрбиеші Қуаныш Қ. жүргізді.

Мақсаты: түстерді ажырата отырып, танымдық қызығушылықтарын дамыту

Прокрутить вверх