№63 "Әсем-Ай" балабақшасы

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш – осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін).
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса).
  4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері – Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес.
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).
  6. Денсаулық жағдайы туралы анықтама – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша.
  7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
  8. Наркологиялық ұйымнан анықтама.
  9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
  10. Бағалау парағы – 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

📌 Маңызды: Құжаттардың біреуінің болмауы үміткерге құжаттарды қайтаруға негіз болып табылады.

Прокрутить вверх