Астана қаласы №54 “Нұр-Ай” балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдар арасында жол қозғалысы ережелеріне арналған «Брейн-ринг» сайысы өтті.
Аталған сайысқа Нұра ауданына қарасты балабақша тәрбиеленушілері қатысып, жолда жүру ережелері бойынша білімдерін сынады.
Сайыста «Мәрмәр» мектепалды тобы үздік нәтиже көрсетіп, І орын иеленді!
Балалардың белсенділігі мен жол ережелеріне деген қызығушылығы ерекше көзге түсті. Бұл жетістік – тәрбиешілеріміздің кәсіби шеберлігі мен еңбегінің нәтижесі.
Жетекшілер:
– Тәрбиеші: Ережепова Гүлмира Рахымбековна
– Музыка жетекшісі: Дарбаева Гүлмира Серіковна
– Дене тәрбиесі нұсқаушысы: Хумар Бақытбек Келесұлы
Сіздерге алғысымыз шексіз! Жеңістеріңіз жалғаса берсін!