№63 "Әсем-Ай" балабақшасы

Инклюзивті мамандар ата-аналарға кеңес өткізді

Кеңес беру орталығында инклюзивті мамандар ата-аналармен кездесіп, баланың психикалық дамуы, сөйлеу тілін дамыту және отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері бойынша маңызды кеңестер өткізді.

Кездесуге дефектолог Тулеугизова Көркем Ерлановна, педагог-психолог Сулейменова Согдиана Ерлановна және логопед Мухтарова Аида Жанибекқызы қатысты. Мамандар ата-аналарға балалардың дамуын қолдауға бағытталған тиімді әдістер мен практикалық кеңестер ұсынып, сұрақтарына жауап берді.

Осындай кездесулер ата-аналар үшін пайдалы ақпарат алуына, сондай-ақ бала тәрбиесінде кездесетін қиындықтарды жеңуге көмектеседі.

Прокрутить вверх