1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Маржан» ересек тобында «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені!» атты танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – балаларға бұл мерекенің мән-мағынасын түсіндіру, бірлік пен ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу болды.
Тәрбиеші Ақнұр Жалғасбаевнаның жетекшілігімен өткен шарада балалар түрлі ұлт өкілдері жайлы мәліметтер алып, достық туралы тақпақтар мен өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, бейбітшілік пен татулықтың маңыздылығы туралы әсерлі әңгімелер айтып, еліміздегі көпұлтты бірлік үлгісімен танысты.
Бұл іс-шара бүлдіршіндердің сөздік қорын байытып қана қоймай, оларды болашақта еліміздің бірлігін нығайтуға үлес қосатын азамат болып өсуге ынталандырды.