№63 "Әсем-Ай" балабақшасы

Жетістіктер

Жаңа жыл қарсаңында Нұра ауданы әкімдігі меңгерушіміз Рахметова Галия Каирбавнаны алғыс хатпен марапаттады.

Жыл бойы педагогтеріміз «Өрлеу» ПКБА курстарынан өтіп, білімдерін жетілдірді.

Астана қаласының Әдістемелік орталығы қолдауымен балабақша ата-аналарымен «Өнегелі ата-ана-өрелі ұрпақ» атты рухани-танымдық кездесу өтті. Спикерлер: Фатима Забурақызы Жүнісова, ақын, жазушы, ҚР Журналистер одағының мүшесі. Шәкен Тұрар Сәттарқызы «Қара шаңырақ» ҚБ директоры, тарихшы-этнолог, ҚР Журналистер одағының мүшесі

Бахаргүл Төлегенқызы — Астана қаласы мәслихатының депутаты, «Ademi-Ai» компаниясының басшысы балабақшамызға қонаққа келіп, жұмыс барысымен танысты.

Шығармашылық конкурстан тәрбиеленушілеріміз жүлделі орындарға ие болып келеді.

Халықаралық конкурс «Ғажайып жұлдыздар» ІІ дәрежелі дипломант «Меруерт» пен «Сутас» топтары

Астана Білім басқармасы мен Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастырумен өткізілген «Елорда еркетайы» қалалық сайысына белсене қатысқаны үшін «Сутас» тобы марапатталды.

Астана Білім басқармасы мен Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастырумен өткізілген «Жұлдызды жол» интеллектуалдық жарысында тәрбиеленушіміз Мұратқызы Жібек аудандық кезеңінде 3-орынға ие болды.

Астана қаласы Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Бірінші қалалық бейнероликтер» байқауының жеңімпазы, Гран-При иегері, балабақшамыздың педагог-психологы — Сулейменова Согдиана Ерлановна марапатталды.

Прокрутить вверх